Жамбыл облысының кей жерлерінде үш күн бойы тұман түседі
Облыстың кейбір жерлерінде жел күшейеді деген болжам бар
31 наурыз күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды күн райы сақталып, кейбір жерде қар жауады, деп хабарлайды jambylinfo.kz Қазгидрометке сілтеме жасай отырып.
Соның ішінде, Таразда құбылмалы ауа райы сақталады, жауын-шашын болмайды, жел күшейеді. Күндіз қаладағы ауа температурасы +10…+12°C жылынады.
Жалпы, 31 наурыз бен 2 сәуір аралығында облыстың оңтүстік бөлігі мен таулы аудандарында тұман түседі деген болжам бар. Кейбір жерлерде желдің күші секундына 15-20 метр жылдамдыққа жетеді.