Жамбылда асарлатып үй салу жұмыстары қарқынды жүруде

0 111

Ағымдағы жылдың маусым айында Байзақ ауданында «Асарлатып үй салу» жобасы басталған болатын. Жоба мақсаты – «Асар» үрдісін жаңғырту, «Асарлатып үй салу» жобасын іске асыру, қоғамның осал топтарына: әлеуметтік аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі, көпбалалы отбасыларға үй салып беру. Аталмыш жобаны «Рухани жаңғыру» жобалық офисі облыс әкіміне ұсынып, әкімдік тарапынан қолдау тапты. Осы орайда облыс әкімі аталмыш жобаны жалғастыру бойынша барлық аудан әкімдіктеріне тапсырма берді. Жоба бойынша 121 үй салу жоспарланған. Қазіргі таңда берілген тапсырмаға сәйкес 106 үй құрылысы басталып, әр аудан өз ауылдық округтерінде жобаны қарқынды іске асыруда.
Шу ауданында
Ауылдық округ саны: 18
«Асарлатып үй салу» жобасы бойынша жоспарланған үй саны: 15
Құрылысы басталғаны: 12
Пайдалануға берілуі: қыркүйек айынан бастап.
Меркі ауданында
Ауылдық округ саны: 11
«Асарлатып үй салу» жобасы бойынша жоспарланған үй саны: 11
Құрылысы басталғаны: 11
Пайдалануға берілуі: қазан айынан бастап.
Сарысу ауданында
Ауылдық округ саны: 6
«Асарлатып үй салу» жобасы бойынша жоспарланған үй саны: 7
Құрылысы басталғаны: 4
Пайдалануға берілгені: 1
Т.Рысқұлов ауданында
Ауылдық округ саны: 15
«Асарлатып үй салу» жобасы бойынша жоспарланған үй саны: 18
Құрылысы басталғаны: 18
Пайдалануға берілуі: қазан-қараша айлары.
Байзақ ауданында
Ауылдық округ саны: 18
«Асарлатып үй салу» жобасы бойынша жоспарланған үй саны: 18
Құрылысы басталғаны: 14
Пайдалануға берілуі: қыркүйек-қазан айларында 7 үй пайдалануға беріледі.
Мойынқұм ауданында
Ауылдық округ саны: 16
«Асарлатып үй салу» жобасы бойынша жоспарланған үй саны: 8
Құрылысы басталғаны: 7
Пайдалануға берілуі: жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.
Қордай ауданында
Ауылдық округ саны: 13
«Асарлатып үй салу» жобасы бойынша жоспарланған үй саны: 15
Құрылысы басталғаны: 15
Пайдалануға берілуі: қазіргі таңда 1 үй пайдалануға беріліп, қалған үйлердің құрылысын қазан-желтоқсан айларында аяқтау жоспарлануда.
Жуалы ауданында
Ауылдық округ саны: 14
«Асарлатып үй салу» жобасы бойынша жоспарланған үй саны: 10
Құрылысы басталғаны: 6
Пайдалануға берілуі: қазіргі таңда 4 үй пайдалануға берілді.
Жамбыл ауданында
Ауылдық округ саны: 17
«Асарлатып үй салу» жобасы бойынша жоспарланған үй саны: 10
Құрылысы басталғаны: 10
Пайдалануға берілуі: қыркүйек айынан бастап пайдалануға беріледі.
Талас ауданында
Ауылдық округ саны: 13
«Асарлатып үй салу» жобасы бойынша жоспарланған үй саны: 9
Құрылысы басталғаны: 9
Пайдалануға берілуі: жылдың соңына дейін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.