Қоғам

Жамбылда кәсіпкерлерді қоғау жөніндегі үшжақты келісім жасалды

Жамбылда кәсіпкерлерді қоғау жөніндегі үшжақты келісім жасалды

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Тараз қаласына жұмыс сапарымен барды.

Рустам Жүрсінов Сарапшылық кеңестің кеңейтілген отырысына қатысты. Отырыста облыс кәсіпкерлерінің бірқатар мәселелері, сондай-ақ осы қиын-қыстау кезеңде бизнесті қолдаудың пысықталып жатқан қосымша шаралары талқыланды.

Кеңес отырысының соңында облыс әкімі Бердібек Сапарбаевпен және облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіровпен Жол картасына қол қойды. Бизнес-омбудсмен облыс әкімдігімен, прокуратурасымен бірлесіп, кәсіпкерлерді қолдау және қорғау мақсатында аталған құжаттың әрбір тармағын орындау бойынша барлық шаралар қабылданатынын ерекше атап өтті.

 /></p>
<p style=Жамбыл облысы бойынша 2020 жылдың 8 айында бизнесті қорғау желісі бойынша 188 өтініш келіп түсті. Оның 25%-ы оң шешімін тапты. Қорғалған мүліктік құқықтың жалпы сомасы 250 млн теңгені құрайды. Бұл - күші жойылған айыппұлдар мен өсімақылар, контрагенттердің орындалған шарттық міндеттемелері, қайтарылған мүліктер, тыйым салу мен хабарламалардың күшін жою. Қалған өтініштерге қатысты жұмыс жүргізіліп жатыр.