Жамбылда көмірдің тоннасы 12-16 мың теңге аралығында сатылады

0 96

Жамбылда көмірдің тоннасы 12-16 мың теңге арасында сатылады. Бұл туралы облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мәлімдеді, – деп хабарлайды «Jambylinfo» ақпарат агенттігі.

Басқарманың мәлімдеуінше, қатты отынды тасымалдаушы 5 мердігер мекеме бекітілген. Олар –  «Курбанов» ЖК, «Самандар» ЖШС, «Шахбоз»ЖК, «Отын-М» ЖШС» және «Казуголсьнаб» ЖШС.

«Олардың қоймасында ағымдағы жағдайға көмір көлемінің қоры жеткілікті.  «Шұбаркөл», «Қаражыра», «Екібастұз» көмірлерінің тоннасы сортына қарай 12 000- 16 000 теңге аралығында саудаланады» – дейді мекеме мамандары.

Leave A Reply

Your email address will not be published.