Жамбылда жұмыссыз жүрген жас жоқ

30

Жамбыл ауданында «Серпін-2050», «Дипломмен — ауылға», «Жастар тәжирбиесі» сынды мемлекеттік бағдарламалар аясында жүйесін тапқан жұмыстар аз емес.     Есепті кезеңде 820 жасты жұмыспен қамту жоспарланса, сегіз айда  1236 жас екі қолға бір күрек  тауып отыр. Одан бөлек 387 жас өз кәсібін ашып, жаңа жұмыс орындарын құруда, – деп хабарлайды Jambylinfo.

«Жастар тәжірибесі» бадарламасы аясында 237 жас жұмысқа жолданса, ақылы қоғамдық жұмыстарға 396 жас тартылған. Әлеуметтік жұмыс орындарына 14 азамат жолдама алып,  одан бөлек 65 жас шағын несие мен грант жеңіп алған.

Ауданда 2009-2016 жылдар аралығында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 158 маман көтерме жәрдемақы алса, оның 71-і бюджеттік несиеге ие болып отыр. 2019 жылы осы бағытта 30 маман көтерме жәрдемақы алған болса, 20 маман тұрғын үй алуға арзандатылған несиеге өтініш білдіріп, қанағаттандырылған.Ал ағымдағы  жылы   9 маманға көтерме жәрдемақы беріліп, 6 маман  тұрғын үйге қол жеткізген.

«Серпін» бағдарламасы аясында 162 жас оқуда. Сонымен қатар, «Жасыл ел» бағдарламасы шеңберінде 5 ауылдық округтен  27 жас жұмысын бастады.      

2020 жылдың қаңтар-наурыз айларына іс-шаралар жоспары бекітіліп, «Qamqor»  волонтерлық – қайырымдылық»  дүкені жұмысы негізінде «Жан жылуы» акциясы, «Еріктілер көмек күні» атты жалпы аудандық осал топтағы азаматтарға үй шаруаларына көмек көрсету, «Қайырымдылық жәрмеңкесі», «Қайырымдылық лигасы», «Халық акциясы», «Қайырымдылық акциясы» сынды шаралар ұйымдастырылған. Есепті кезеңде бас-аяғы 15 қайырымдылық шарасын өткізілген.

Әлемдік пандемияға байланысты Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай, «Домбыраға қол соқпа, Шымырлатып бір-бірлеп» атты домбыра мен қобыз күйінен онлайн байқау түндігін түріп,  жастар арасында мемлекеттік «Серпін-2050», «Дипломмен — ауылға», «Жастар тәжирбиесі», «Нашақорлық», «Неке және отбасы» тақырыптарында сала мамандарының қатысумен онлайн кеңес беру алаңы жұмысын жалғастыруда.

Бұдан бөлек карантин кезінде аурухана мен емхана қызметкерлеріне   «Қымызмұрындық» акциясы аясында қымыз және жеміс-жидек, бауырсақтар салынған 50 сыйқалталар таратылған. Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес «Асарлатып үй салу» жобасы аясында аудан орталығынан құрылған ерікті топ 20 рет құрлыс аландарына барып көмек көрсеткен.

Тағы бір айта кетерлігі  ресурстық орталық жанынан  «Аса адалдық алаңы» кеңсесі ашылып, жұмысын бастап отыр. Міне, осылайша аудан жастары қай бағытта болмасын алдыңғы шептен табылып, жастық жігерлерін көрсетуде.