Қоғам

Жамбылдық келіншек желіде 68 аккаунт сатып, миллиондаған табыс табуының сырын айтты

Tik-Tok желісінде Гугуша лақап атымен танымал келіншек Таразда тұрады

Тараз қаласының тұрғыны, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Карл Маркс ауылында дүниеге келген танымал тараздық блогер 9-шы мөлтек ауданда, жол бойында сауда-саттық жасайды. Шын есімін атаудан бас тартқан Гугушаны jambylinfo.kz тілшісі арнайы іздеп барды.  5 жыл ішінде 68 аккаунт сатқан Гугушаның бүгінгі таңда пайдаланып отырған 69-шы аккаунты бір айдың ішінде 50 мыңға жуық оқырман жинаған.

Әлеуметтік желіде ерсі қылық, ерекше кейіпімен танылған, бірақ, бұған дейін шақыру болса да бір де бір журналистке сұхбат бермедім деген келіншек алдымызда бір жылап, бір күліп отырып, бар шындығын жайып салды. 2021 жылы Tik-Tok желісіне алғаш рет «билеп» кірген келіншек, бұл қадамын қаражатқа мұқтаж болғандықтан жасаған екен.

Ал, телеарналардаңы сұхбаттардан бас тартуына ішкі комплексі кедергі болған көрінеді.

Блогер әлеуметтік желіде tik-tok әлеуметтік желісінде оқырмандарына тапсырыспен сәлем жолдау арқылы ғана 1 млн теғге табыс тапқан. «Батл» тетігі арқылы тағы 1 млн теңге пайда түсіріпті.

Блогер келіншек сонымен қатар қиын да аянышты тағдырын айтып, көзіне жас алды.

Сөз арасында біз қазір біраз мемлекеттер tik-tok әлеуметтік желісін шектеп жатқанын, тыйым салып жатқанын айтып, блогерден пікірін сұрадық. Оның айтуынша, бұл желі — қайырымдылықтың көзі. Көптеген мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек қолын созып, талай мұқтажға желі арқылы жақсылық жасауға болатындықтан,  бұл желінің жабылуына қарсылығын білдірді.

Құралай Сейсенбекқызы