Қоғам

Жамбылдың жанашыр азаматтары

Жамбылдың жанашыр азаматтары

Ағымдағы жылдың сәуір айының соңында жамбылдық кәсіпкерлердің атынан әлеуметтік аз қамтылған 100 ден аса от басыға азық-түлік себеті үлестірілді. Айта кететін болсақ мұсылмандар мерекесінің қарсаңында басталған акцияда қазіргі уақытқа дейін Тараз қаласы мен Байзақ ауданына қарасты Қостөбе, Байзақ ауылдарында аз қамтылған және мұқтаж отбасыларға 200 ден астам азық-түлік себеттері мен басқа да киім-кешек түрінде де көмектер көрсетіліп жатқанын айта кетпесек болмайтын шығар. Елімізде төтенше жағдай жарияланғалы бері қаламызда түрлі акцияларды қолдап, қайырымдылық көрсетіп жатқан жомарт жандар саны күн санап артып келеді. Шахарымызда және шет аудандарда тұратын аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасыларға қолдау білдіріп, азық-түлік себеттерін үлестірумен қосқанда Исламов Нүркен, Абдыхалыков Біржан, Мейірхан Батырхан, Құдайберген Қуаныш және Нұртуған Аружан сынды еріктілер және жанашыр жандардың ұйымдасытурымен Харекет қорының қолдауы мен Байзақ ауданы, Қостөбе ауылдық округінің көп балалы әрі мұқтаж отбасына баспана алып берді. Сонымен қатар өңіріміздегі спортшылар мен ерікті жастарымызда осындай қайырымдылыққа бей-жәй қарамайтындары да көңіл қоншытуда. Атап айтсақ футболдан Тараз командасының шабуылшысы, шет елге аты әйгілі Тони Сильва, тағыда есімдерін атап айтпағанда спортышалырымыз көмек қолын созуда. Игі шараны қайырымды жандар жалғастырып, елімізде жалпы әлемде болып жатқан індетті бірге жеңуге және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созу бұл әр бір адамның азаматтық борышы екенін сезіну арқылы қолдау көрсетуден тынбайтындарын азаматтарымыз ашық жеткізуде. Қазіргі қысылтаяң кезең кімге де болсын оңайға тиіп жатқан жоқ. Әсіресе, уақытша табыс көзінен айырылған отбасылар үшін ауырлық туғызғаны сөзсіз. Көмек алған отбасылар қайырымдылық шарасын ұйымдастырушыларға ізгі тілектерін білдіріп, ақ жаулықты аналар ақ батасын беріп, алғыс айтты. Еркинбек Жаманкеев, Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі КММ «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Ақпараттық–мониторинг секторының меңгерушісі