Жиынға ҚМДБ Тараз қаласының Бас имамы Амантай Әбілдаұлы, Тараз қаласындағы аймақ имамдары мен «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің ұстаздары және жамағат қатысты. Шараға Тараз қаласы «Әр-Рохман Әр-Рохим» мешітінің имамы  Қанат Әділханұлы модераторлық етті.

«Жеті рухани қазық» құжаты еліміздің барша дін қызметкерлеріне жол сілтеп, жөн көрсетіп тұратын шамшырақ іспеттес. Тұғырнама мұсылманның тұлабойында табылуы тиіс негізгі жеті көркем сипатты қамтиды. Атап айтқанда, имандылық, отаншыл болу, білім алу, бірлікке болысу, еңбекқорлық, мәдениетті болу және әділдік принципін ұстану. Бұл – адам баласының кісілік келбетін, көркем мінезін қалыптастыруға негіз болатын жеті рухани қазық.

Дін мамандары аталған тұғырнама жайлы тілге тиек етіп, әр бөліміне ерекше тоқталып, түсіндіріп өтті. Әр имам ортаға шығып сөз сөйлеп, рухани жетінің мақсат, маңызымен бөлісті.

 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі