Жас жігіт Алматыда намаз оқып жатқандарды тонап кеткен
Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы хабарлады
Алматы қаласында мешітке келіп, намаз оқып жатқан адамдардың жеке мүлігін тонаған жігіт төрт жылға сотталды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Алматы прокуратурасының мәліметіне сүйенсек, ұрлық былтыр қыста болған.
Сот кінәліні қауіпсіздігі орташа мекемеде 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.