Жол гипнозына ұрынудан сақ болайық, ағайын!
Жол гипнозына ұрынудан сақ болайық, ағайын!
'- Жол гипнозы дегеніміз - көлік жүргізушілерінің көбі біле бермейтін және бағамдай алмайтын физикалық жағдайы. - Жолға шыққаннан 2,5 сағаттан кейін ЖОЛ ГИПНОЗЫ қылаң береді, гипнозға тұтылған жүргізушінің көзі ашық болғанмен, көзбен көргендерін миы дер кезінде бағамдап, сараптай алмайды. - Жол жиегінде тоқтап тұрған көліктің немесе Камаздың артына кіріп кету секілді жол-көлік оқиғаларының бір себебі - сол баяғы ЖОЛ ГИПНОЗЫНА ұрыну. - Көбінде ЖОЛ ГИПНОЗЫНЫҢ кесірінен жол жиегінде тоқтап тұрған автокөлікті соққанға дейінгі соңғы 15 минуттағы жағдайларды көлік жүргізушілері еш есіне түсіре алмайды екен. Қанша километр жылдамдықпен жүргенін және алда кетіп бара жатқан көліктің жылдамдығын есептей алмайды. Негізінде алда кетіп бара жатқан көлікті соғып кету оқиғасы 140 км/сағ. немесе одан жоғары жылдамдықта орын алады. - ЖОЛ ГИПНОЗЫНАН сақтану үшін кемінде 2,5 сағатта бір 15 минуттай тоқтап тынығып алу, қажет жағдайда көліктен түсіп, ары-бері кішкене жүру, шәй немесе кофе ішіп алудың пайдасы өте көп. - ЖОЛ ГИПНОЗЫ ұзақ жолдың 4-ші сағатында шарықтау шегіне жетеді екен. Алайда мұның арты қайғылы жағдаймен аяталуы мүмкін. - Ұзақ жолда мұндай жағдайға тап болмау үшін белгілі бір жерлерді, көліктерді мән беріп, зер салып, еске түсіріп отыру керек. - Егер соңғы 15 минуттағы көзбен көргендеріңізді еске түсіре алмасаңыз, демек сіз өзіңіздің де, көліктегі жолаушылардың да өмірін қатерге тігіп отырсыз деген сөз. - ЖОЛ ГИПНОЗЫНА көлік жүргізушілері әсіресе түнгі уақытта жиі ұрынып жатады. Егер сол уақытта жолаушылардың көбі шырт ұйқыға кетсе, өте қауіпті. - Көлік жүргізушісі осындай жағдайларда әр 2,5 сағат сайын көлікті жол жиегіне тоқтатып, біраз тынығып алғаны дұрыс, кереу болса, көліктен түсіп, 5-6 минуттай әрлі-берлі жүріп, ойын әбден жинақтап алуы керек. - Көздері ашық болғанымен, ойы тұманданып, санасы ұйқыға кетсе, жол апатына сөзсіз ұрынуы мүмкін. ЖОЛ ГИПНОЗЫНА ҰРЫНУДАН САҚ БОЛАЙЫҚ, АҒАЙЫН! Жаппар Амир alashainasy.kz