Қоғам

Жомарт жанның көмегі

Жомарт жанның көмегі

Қайырымдылық – мұқтаж жан­дарға көрсетілер нақты көмек,  ізгіліктің анық көрінісі,  адамның асыл қасиеті. Кісінің айнала­сын­дағы адамдарға танылатын қадір қасиеті де қаншалықты қайырымды екендігінен байқалады. Осыған орай, бүгін Мойынқұм аудандық ішкі істер бөлімінің ардагері, жеке кәсіпкер Шубаев Жағалбай Мойынқұм ауылында тұратын жалғызбасты әке, Н.есімді азаматтың мектеп жасындағы 3 балаларына арнап ноутбук сыйлады. Қазіргідей сын сағатта сауапты істің қасынан табылып, көмек көрсетіп жатқан жомарт жанға алғысымызды білдіріп, осындай қолдаулар әлі де жалғасын тапса деген ниеттеміз.