30 жылдыққа кітап

62

2021 жылы оқылатын кітаптар тізімі анықталды. 15 жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан «Бір ел– бір кітап» акциясы аясында биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жалпыхалықтық оқуға отыз кітап ұсынылып отыр.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы осымен 15 жыл қатарынан ұйымдастырып келе жатқан акция аясында таңдалған кітаптар республикалық, облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық және мектеп кітапханаларында кеңінен насихатталатын болады.
Жақында 2021 жылдың Жыл кітаптарын таңдау бойынша «Бір ел – бір кітап» акциясы комиссиясының кезекті отырысы өтті. Бұл жолы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылып отыр. Акция аясында ел болып оқитын кітаптар үлкенге құрмет, кішіге ізет, ата дәстүрін қадірлеу сияқты дәстүрлерге мән беруге, рух, жан тазалығын, шынайы қасиеттерді сүйіп, толғанулармен оқырман жүрегінде орын табады деген сенім мол.
Айта кетсек, «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітаптың» тізімі төмендегідей:

Поэзия

1. Мұқағали Мақатаев – «Өмірдастан».
2. Жұмекен Нәжімеденов – «Менің Қазақстаным».
3. Ұлықбек Есдәулет – «Киіз кітап».
4. Серік Ақсұңқарұлы – «Көкейімде Күлтегіннің жазуы».
5. Тоқтарәлі Таңжарық – «Түн парақтары».
6. Бақытжан Қанапиянов – «Достояние души».

Проза

1. Тынымбай Нұрмағамбетов – «Періштелердің өлімі».
2. Тобық Жармағамбетов – «Отамалы».
3. Сәуле Досжан – «Қасірет пен тағдыр».
4. Юрий Серебрянский – «Дәмді де пайдалы қазақстандық әдебиет».
5. Дәурен Қуат – «Бөрісоқпақ».
6. Тұрысбек Сәукетай – «Желқайық».

Драматургия

1. Рахымжан Отарбаев – «Айна ғұмыр» пьесалар жинағы.
2. Дулат Исабеков – «Жеті желкен» пьесалар жинағы.
3. Мәдина Омарова – «Көмбе нанның дәмі».
4. Иран-Ғайып – «Қорқыттың көрі» пьесалар жинағы.
5. Думан Рамазан – «Пешене» пьесалар жинағы.
6. Сая Қасымбек – «Жанталас».

Аударма

1. Кеңес Юсупов, Габриель Гарсиа Маркес – «Жүз жылдық жалғыздық».
2. Бекболат Әдетов, Эрих Мария Ремарк – «Аманат өмір».
3. Әділ Ахметов, Агата Кристи – «Ғайып болған миллион».
4. Төлеген Меллат, Халид Хусейн – «Жарқыраған мың күн».
5. Динара Мәзен, Ж.К.Роулинг – «Хәрри Поттер мен жасырын бөлме».
6. Амангелді Құрметұлы, Орхан Памук – «Менің атым – Қырмызы».

Балалар әдебиеті

1. Ыбырай Алтынсарин – «Өнер-білім бар жұрттар».
2. Бердібек Соқпақбаев – «Жекпе-жек».
3. Марат Қабанбаев – «Жиһангез Тити».
4. Толымбек Әбдірайым – «Алабұға аулаған күн».
5. Зира Наурызбаева – Лиля Калаус «Алтын тостағанды іздеу».
6. Мәди Айымбетов – «Бар болғаны он төрт жас».

Айсана НҰРБАП