Руханият

Қазақстандық танымал журналист өмірден өтті

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева хабарлады

Мемлекет және қоғам қайраткері, телевизия саласының майталманы Ғаділбек Шалахметов өмірден өтті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Бұл туралы бүгін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желідегі жеке парақшасына жазып, көңіл айтты. 

Айта кетейік, Ғаділбек Шалахметов 300-ден астам ғылыми және публицистикалық мақаланың авторы, Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі. Ол 1991 жылы Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы болған.