Руханият

Ұлттық тәрбие ұмыт қалмауы тиіс

Ұлттық тәрбие ұмыт қалмауы тиіс

Күні кеше «JASTAR» қабілет орталығында облыстық жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен «Қоғамдық лекция»  жобасының кезекті кездесуі өтті. Онлайн форматта өткен шараға «Асыл Арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ринат Нұрақбаев қатысып, ұлттық тәрбие турасында әңгіме өрбітті. Ринат Даниярбекұлы өз сөзінде, отбасындағы бала тәрбиесі туралы ойын ортаға салып, ата-ана жауапкершілігінде жіберілетін қателіктерге тоқталды. Бұдан өзге ол қоғамдағы проблемаларды тілге тиек етіп, қыз баланың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу керектігін сөз етті. Сонымен қатар ұлтымыздың салт-дәстүрлерін жаңғырту туралы ойларымен бөлісіп, ұлттық құндылықтарды ұмытпау қажеттігін де еске салды. Кездесу соңында Ринат Даниярбекұлы жастардың рухани дамуына үлес қосатын басқарма тарапынан іске асырылып отырған жобалардың аяқсыз қалмаса екен деген тілегін жеткізіп, жоба ұйымдастырушыларына сәттілік тіледі. Сонымен қатар әлеуметтік желілер арқылы қойылған сұрақтарға жауап беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Гүлзира МҰСА