Бас имам бірінші болып қалалық «Кеңесхан қажы» мешітіне таң намазана арнайы барды. Алла үйінің карантин талаптарын сақтауы, жамағатпен намаз оқу кезіндегі ара-қашықтық, сақтық шараларының деңгейі, жамағаттың маскада болуы, тазалықтың жүргізілуі қаралды.

Айта кетейік, облыс имамы кез келген уақытта қала және аудан мешіттеріне барып, жамағатпен жүздесіп, тілдесіп, сондай-ақ талаптардың орындалуын өзі бақылайды.

Облыс бас имамын көрген жамағат та қуанышпен қарсы алып, көпшілікпен намаз оқитын күндердің қайта оралғандығына шүкіршілігін білдірді.

 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі