Тараздағы "Ар-Рахман Ар-Рахим" мешітінде "Мәуліт жыры" оқылды
Тараздағы "Ар-Рахман Ар-Рахим" мешітінде "Мәуліт жыры" оқылды
Адамзаттың асыл тәжі болған ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) дүние есігін ашқан айы - Мәуліт мерекесінің құрметіне салауаттар айтып, өнегелі ғұмырын насихаттау Әулиеата жұртшылығының дәстүріне айналған.
Осыған орай "Ар-Рахман Ар-Рахим" мешітінде бас имамы Қанат Жұмағұл мен наиб имамы Нұрматжан Миразизовтың қатысуымен "Мәуліт жыры" оқылды. Шараға арнайы келген "Әулиеата" мешітінің имамы Ораз Баймаханов екі тілде салауат оқыса, "Әбу Бәкір ас-Сыддық" мешітінің имамы, қари Қасымжан Бектаев құран аяттарын оқыды.
Имамдар Аллаға шүкіршілік, пайғамбарымызға мадақ айтып, ел амандығы үшін дұға жасады.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі