Тараздағы «Ар-Рахман Ар-Рахим» мешітінде «Мәуліт жыры» оқылды

15

Адамзаттың асыл тәжі болған ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) дүние есігін ашқан айы — Мәуліт мерекесінің құрметіне салауаттар айтып, өнегелі ғұмырын насихаттау Әулиеата жұртшылығының дәстүріне айналған.

Осыған орай «Ар-Рахман Ар-Рахим» мешітінде бас имамы Қанат Жұмағұл мен наиб имамы Нұрматжан Миразизовтың қатысуымен «Мәуліт жыры» оқылды. Шараға арнайы келген «Әулиеата» мешітінің имамы Ораз Баймаханов екі тілде салауат оқыса, «Әбу Бәкір ас-Сыддық» мешітінің имамы, қари Қасымжан Бектаев құран аяттарын оқыды.

Имамдар Аллаға шүкіршілік, пайғамбарымызға мадақ айтып, ел амандығы үшін дұға жасады.

 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі