«Ұстаздың оралуы» мен «Абай ұлы ойшыл және гумманист» кітаптары ағылшын тілінде жарық көрді

14

Ұлы ғұлама Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен халқымыздың біртуар перзенті Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ҚР Сыртқы істер министрлігі АҚШтағы қазақстандық дипөкілдіктерімен бірлесіп, Ә. Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» және Ж. Әбдилдиннің «Абай ұлы ойшыл және гумманист» атты кітаптарын ағылшын тілінде жарыққа шығарды.

Кітаптардың таныстырылымы Вашингтондағы Абай орталығы мен Нью-Йорктегі Ротари клубында өтті.

Халқымыздың дарынды жазушысы Ә. Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романы орта ғасырларда өмір сүрген ұлы филосов туралы көркем әдеби тілде ағылшын тілді оқырманға баяндайды.

Ал көрнекті қоғам қайраткері, академик Ж. Әбдилдиннің «Абай ұлы ойшыл және гумманист» кітабы болса, абыз ақынның фәлсафасы жайында жазылған кітаптардың ағылшын тілінде жарық көрген тұңғыш туындысы ретінде ерекшеленеді.

Аталған шығармалар американдық оқырман қауымының қызығушылығын алғашқы күндерінен бастап оятуда.

egemen.kz