Сайлау – 2022

Орталық сайлау комиссиясы шетелдік дипломаттарға сайлау процесін түсіндірді

Орталық сайлау комиссиясы шетелдік дипломаттарға сайлау процесін түсіндірді

«Бұл — Қазақстан Тәуелсіздік алғалы өткізіліп жатқан жетінші президенттік сайлау. Мұны еліміздегі демократияның дамуындағы тағы бір маңызды кезең деп санауға болады. Бұл сайлау халқымызға Қасым-Жомарт Тоқаевтың үш жыл президенттігі туралы, әділ Қазақстан ұстанымы туралы пайымдауға мүмкіндік береді. Бұл сайлауда әртүрлі саяси көзқарасы бар алты кандидат додаға түседі, бәсекеге толы сайлау өткізу үшін барлық жағдай жасалған. Президенттікке кандидаттар қатарына саяси партиялардың өкілдері ғана емес, әртүрлі бірлестік өкілдері де кіреді. Бір атап өтерлігі, біздің тарихымызда алғаш рет екі әйел Президенттікке үміткер болып отыр. Бұл – Қазақстанның демократиялық дамуындағы тағы бір қадам. Қазақстан көптеген жылдар бойы гендерлік теңдікті қамтамасыз ету мен әйелдердің бизнес пен саясаттағы рөлін арттыру қадамдарын жасап келеді. Қазір біз осы күш-жігердің жемісін көріп отырмыз. Әрине, дауыс беру Қазақстанның көзқарастарының шынайы көрінісі болса ғана сайлау нәтижесі Президентке нақты және мықты мандат береді. Осылайша, Үкімет сайлауды әділ және ашық етуге ниетті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау науқаны заңға сәйкес ашық, жергілікті және халықаралық байқаушылардың көптеп қатысуымен өткізілетінін бірнеше рет айтты», - деді Мұхтар Тілеуберді. Мұхтар Тілеуберді президенттік сайлауды халықаралық ұйымдар мен Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық корпус бақылайтынын атап өтті. «Біз барлық байқаушылармен өзара жұмыс істесуге және сайлаудың объективті бағалануына үміттенеміз. Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың жауапты мүшесі екенін атап өткім келеді, сондықтан біз сайлауды ұлттық заңнамаға және халықаралық стандарттарға сай өткізуге толығымен дайынбыз», - деп атап өтті спикер.