Қылмыстық іс жанданды: Ақтөбеде 1 сыныпта оқитын ұл баланы 9 сыныптың төрт баласы үш апта бойы зорлаған
Осы іс бойынша қылмыстық іс бірнеше рет тоқтап, қайта басталған
Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі жедел уәкіл Динара Зәкиева еліміздің түпкір-түпкірінде бала құқықтарын қорғау бойынша өтіп жатқан және заңсыз тоқтап қалған қылмыстық істер туралы айтып берді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Зәкиеваның айтуынша, соңғы сегіз ай ішінде оған 305 хат келген. Оның ішінде 89 өтініш бойынша жедел уәкілдің қатысуымен мәселелер оң шешімін тапқан.
Өз сөзінде ол Қазақстанда қазір кәмелет жасына толмаған балаларға зорлық көрсету фактілері бойынша біраз сот отырысы өтіп жатыр.
Баланың қуығын күйдірген салон иесі жазаға тартылды
Естеріңізге болса, былтыр Қызылорда қаласында бір жасар балаға парафинмен массаж жасаған әйел оның қуығын күйдіріп жіберген. Динара Зәкиева айтып бергендей, баланың анасы мен бала құқықтары жөніндегі уәкіл бірлесе отырып, кінәлілерді жауапқа тартқан.
Оның айтуынша, Қарағанды облысында екі өгей қызын зорлаған әке өмірбақи бас бостандығынан айырылған. Сонымен қатар, Алматы облысында үш жасар егіз қыз бен тоғыз жасар қызды зорлаған өгей әке де енді өмірінің соңына дейін қамауда отырады.
Дәл осы күндері Жетісу, Абай, Павлодар, Жамбыл облыстары мен Алматы қалаларында балаларға қатысты ауыр қылмыс жасаған күдіктілердің ауыр істері қаралып жатыр. Динара Зәкиева ол істер бойынша қосымша мәлімет айтылатынын хабарлады.