31 наурыз күні Словения Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
31 наурыз – 1 сәуір күндері Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар Қазақстанға ресми сапармен келеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен өтетін келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық бағыттары талқыланады.
Екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды кеңейтуге ерекше көңіл бөлініп, Қазақстан-Словения бизнес-форумы ұйымдастырылады.
Словения экологиялық тұрақтылық пен орнықты дамуға басымдық беретін елдердің бірі. Бұл сапар экология, экономика және гуманитарлық саладағы әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.