Саясат

534 жамбылдық праймеризге қатысуға өтініш білдірді

534 жамбылдық праймеризге қатысуға өтініш білдірді

Елімізде партияішілік іріктеу — праймериздің басталғанына бір аптаның жүзі болды. Праймериз – Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне және барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттыққа, партия филиалдарының сайланбалы органдарына кандидаттарды ұсынуға және мемлекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыным жасауға арналған партиялық тізімдерге одан әрі енгізу үшін алдын ала партияішілік іріктеу. Кандидаттарды ұсыну мен тіркеу 17 тамыздан басталды. Осы бір аптаның ішінде праймеризге қатысуға облыс бойынша 534 үміткер өтініш білдіріп, 512-сі тіркелді. Өтініштердің барлығы «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы ұсынылды. Ұсынылған 534 үміткердің 168-і әйелдер,124-і 35 жасқа дейінгі жастар. Айта кету керек, кандидаттарды ұсыну 28 тамызда кешкі сағат 18.00-де аяқталады. Балабек Нарбаев, «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары