Агенттік өкілдері облыстық қаржы саласының үйлестіруші мемлекеттік мекемелерінің басшылығымен кездесті

36

АГЕНТТІК ӨКІЛДЕРІ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАРЖЫ САЛАСЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ.

12 қараша күні Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Парасаттылық департаментінің басшысы Ғанижан Асанұлы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Ырза Тұрсынзада облыстық мемлекеттік кірістер, қазынашылық, ішкі аудит департаментінің басшылығымен кездесті.
Кездесуде сөз алған Парасаттылық департаментінің басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында агенттік тарапынан іске асырылып жатқан жобалар туралы баяндасп, мекеме қызметкерлеріне республика бойынша сыбайлас жемқорлықпен ұсталған басшылар туралы бейнеролик көрсетілді.
Сонымен қатар, Ырза Тұрсынзада «Азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарлану – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың маңызды элементтерінің бірі. Бұл тұрғыда мемлекеттік аппаратты парасаттылық, ашықтық және есептілік қағидалары арқылы трансформациялау маңызды рөл атқарады», — деп атап өтті.
Сонымен қатар, Ырза Тұрсынзада — мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты құқықбұзушылықтың алдын алуға, парасатты қоғам құруға бағытталғандығын хабарлап, департамент қызметкерлерін өз қызметтеріне адал әрі парасатты болуға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен тиімділігін арттыру үшін барлығымыз атсалысуымыз қажет екендігін баяндап өтті.