Саясат

Қанат Бозымбаев жаңа қызметке тағайындалды

Ол енді премьер-министрдің орынбасары лауазымын атқарады

2023 жылдан бері президенттің кеңесшісі лауазымын атқарған Қанат Бозымбаев бүгіннен бастап премьер-министрдің орынбасары қызметі болды, деп хабарлайды jambylinfo.kz Ақордаға сілтеме жасай отырып. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды",-деп хабарлайды Ақорда. 
 

Қанат Бозымбаев 2009-2013 жылдары Жамбыл облысының әкімі, 2013-2016 жылдары Павлодар облысының әкімі, 2021 жылы Алматы облысының әкімі қызметтерін атқарған.