Астанада ШЫҰ саммиті басталды
Биыл ұйымға Қазақстан төрағалық еткен
Астанада Қазақстан Республикасының төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті басталды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Саммитке Қазақстан, Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь, Моңғолия, Әзербайжан, Қатар, БАӘ, Түркия және Түрікменстан мемлекеттері мен үкіметтерінің басшылары, сондай-ақ ШЫҰ Бас хатшысы және ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының Атқарушы директоры қатысады.
Сонымен қатар, ауқымды шараға БҰҰ Бас хатшысы және ТМД, ЭЫҰ, АӨСШК, ҰҚШҰ, ЕЭК және АҚИҰ сияқты халықаралық ұйымдардың басшылары қатысады.
«ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы барысында Астана декларациясы, 20 шешім, мемлекет басшыларының 3 мәлімдемесі, оның ішінде «Әділ бейбітшілік, келісім және даму үшін әлемдік бірлік туралы», «ШЫҰ-ны жетілдіру туралы» бастамасы қабылданады. Беларусь Республикасын ШЫҰ мүшелігіне қабылдау рәсімін аяқтау және оған Ұйымға мүше мемлекет мәртебесін беру туралы тарихи шешім қабылданады.