Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин келіссөз жүргізді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Қазақстан мен Ресей президенттері келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей тарапына жоғары деңгейде көрсетілген қонақжайлық пен сапарды жан-жақты ұйымдастырғаны үшін ризашылығын білдіріп, бұл сапарды биылғы жылдың ең маңызды оқиғаларының бірі деп атап өтті.
Ресей Президенті Владимир Путин де Қазақстанмен қарым-қатынастың жоғары деңгейде дамып келе жатқанын айтты.