Аудан әкімі дауыс берді

50

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» партия жұмысын қайта жаңғырту бағдарламасы лайықты жалғасын тауып келеді. Соның жарқын дәлелі ретінде Nur Otan партиясында елімізде бұрын-соңды болмаған жаңа форматтағы ішкі іріктеу – праймеризге қатысушыларды тіркеу басталды.
праймериз арқылы партияның бел шеше іске кірісетін белсенді мүшелері мен көшбасшылары айқындалатын болады. Нәтижесінде, мұндай тиімді тетік, қарымды қадам арқылы партияның ел алдындағы пәрмені артып, халықтың сенімі нығая түседі деген сөз.
Түйткілді мәселелердің түйінін тар­қатып, ел дамуына елеулі үлес қосқысы келетін азаматтарды халық қашан да қолдайды.
Осындай мақсатта, партия ішілік іріктеуден аудан бойынша 47 кандидат бақ сынауда.
Аудан бойынша 10 дауыс беру учаскелері бар. Оның 4 онлайн түрде, 6 дәстүрлі түрде өтіп жатыр. Онлайн түрде 2989 партия мүшесі дауыс берсе, 1020 партия мүшелері дәстүрлі түрде. Жалпы саны 4009. Қазіргі уақытта яғни, 3 қазан күні сағат 12.20 мәлімет бойынша жалпы онлайн дауыс беру бойынша 2600 партия мүшесі, дәстүрлі түрде 904 тен аса партия мүшелері дауыс берді. Дәстүрлі түрде дауыс беру 3 қазан күні сағат 14.00 де аяқталады. Ал, онлайн дауыс беру орталық аппараттың шешіміне сәйкес 4 қазан күні сағат 14.00 ге дейін ұзартылды.
Осы науқанға Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Жақсылықов та өз үлесін қосып, таңдауын жасады.