Ауыл мәселесі – басты назарда

52

Табыс пен тұрақтылық  басты мақсатымыз деген кандидаттар «Есіктен-есікке» акциясы аясында Қаракемер ауылына ат басын бұрып, тұрғындарға «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы туралы кеңінен ақпарат берді.

 Кездесуде үміткерлер  БЕГАЛЫ ЕРАЛИЕВ,  ДӘУРЕН АХМЕТЖАЕВ алдағы 10 қаңтарда елімізде Мәжіліс және мәслихаттардың сайлауы өтетінін, бұл сайлауда  Қазақстан Республикасының азаматтары партияларға дауыс беретінін айтты. Осы орайда олар бүгінге дейін нақты істер партиясы екенін дәлелдеген «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартып, аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беруді мақсат тұтқан партияның игі істерін сөз еткен кандидаттар жергілікті тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін де назарға алды.

Жүздесуде тұрғындар ауылдағы интернет желісінің төмендігін, ауылдағы дәрігерлік амбулаторияның ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуді сұрады. Бұл сауалдарға жауап берген кандидаттар бағдарламада 2025 жылға дейін ауылдықтар кең жолақты интернет желісіне қол жеткізетінін және оған қоса ескірген ғимараттар толық жөндеуден өткізілетінін жеткізді.

«Nur Otan» партиясы Жамбыл аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді