Қазан айында Әзербайжан президенті Қазақстанға келеді
Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі-баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады
Қазан айында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуі мүмкін, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға мемлекеттік сапармен барған болатын. Онда екі елдің көшбасшылары екіжақты ынтымақтастықты стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеріп, екі мемлекеттің одақтастық қарым-қатынастарын нығайтқан маңызды құжаттарға қол қойды.