Бағдарлама талаптарының орындалуы талқыланды

29

Дүйсенбі күні «Nur Otan» пар­тиясы аудандық фи­лиалы партиялық бақылау комис­сия­сының төрағасы Нұрқасым Үкібаев ашып, жүргізген комиссия оты­рысында ау­дан әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Бауыржан Төлендиев «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының Жамбыл ауданында орындалу барысы туралы; Қарасу, Өрнек ауылдық округтерінің әкімдері Самат Селеубаев пен Әзиз Мәнтеев «Nur Otan» партиясы Доктринасының талаптарын орындау мақсатында ауыл тұрғындары атынан түскен өтініштер бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

Комиссия отырысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қаулы қабылданды.

Мақсат ЖҰМАБАЕВ,

«Шұғыла».