Цифрлы технологияларды дамыту маңызды

15

Жуырда ТМД Үкімет басшылары кеңесінің бейнеконференция форматындағы мәжілісі өтіп, 2030 жылға дейінгі экономикалық даму стратегиясының бірінші кезеңін іске асыруға бағытталған 2021-2025 жылға дейінгі кезеңді қамтитын, сондай-ақ 29 бөлімнен тұратын іс-шаралар жоспары бекітілді.

Бұған қоса халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру кезінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумақтарында көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары және ұйымға мүше мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастығы саласындағы басым бағыттар айқындалды.

Қызметтің түрлі бағыттары бойынша алдын ала келісілген бір­қатар құжатқа, атап айтқан­да, бейбіт мақсаттарда атом энер­гиясын пайдалану, соғыс арда­герлері – жергілікті жанжал­дарға қатысушылар мен олар­дың отбасы мүшелерінің өмір сүру сапа­сын арттыру сала­сындағы ынты­мақтастық бағдар­ла­ма­лары­на, сондай-ақ иннова­ция­ларға тал­қылаусыз қол қойылды.

Сол секілді қоғамның цифр­лы даму сала­сын­дағы өзара іс-қи­мылдарын регламенттейтін келі­­сімге қол қойылды. Соған сәйкес мемле­кет­тер­дің бюджеттерінен қосымша шығындар тар­тыл­­майды. Кәсіпкерлік субъектілерінің құқық­тары шек­телмейтіндей, Қазақстан заңнамасына қайшы кел­мейтін және рати­фи­ка­ция­лауға жатпайтын тұс­тары қарас­ты­рылған деді жауапты орган өкіл­дері.

Ынтымақтастық бірнеше бағытты қамтиды. Оның ішін­де цифрлы экожүйені және ақпа­раттық қауіпсіздікті дамыту ба­ғы­ты, АКТ дамыту, кадрлық да­му және нормативтік-құқықтық рет­теу бөлігінде тәжірибе алмасу бойынша жүзеге асырылатын болады.

Келісім күшіне енгеннен ке­йін құзыретті органдардың тіз­бес­ін қалыптастыру, ақпараттық өза­ра іс-қимыл тәртібін, осы са­ла­да өзара іс-қимылды жүзе­ге асы­ру кезінде берілетін ақпа­рат­тың сипатын айқындау көзде­леді.

ТМД Үкімет басшылары кеңе­сінің келесі отырысы келесі жылы 28 мамырда Минскіде өтеді.

 

egemen.kz