Экс-қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев жаңа лауазымға тағайындалды
Ол енді 2027 жылға дейін ШЫҰ бас хатшысы болады
Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Шанхай Ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы болады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Ол бұл қызметті 2027 жылға дейін атқарады.
Айта кетейік, Нұрлан Ермекбаев 2018-2021 жылдар аралығында Қазақстанның қорғаныс министрі болған.