Елбасы праймериздегі онлайн дауыс беруге қатысты

37

Нұрсұлтан Назарбаев праймеризге дауыс берді. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді.

«Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев праймериздегі онлайн-дауыс беруге қатысты. Дауыс беру басталардан бұрын Елбасы партияішілік іріктеуге қатысушылардың үгіт-насихат жұмыстарын және қоғамдық пікірталастарды мұқият бақылағанын атап өтті», деп жазды Айдос Үкібай Twitter-де.

egemen.kz