Саясат

Эмомали Рахмон мен Ильхам Әлиев ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді

2024 жылдың 3-4 шілдесінде Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтеді

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон мен Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды jambylinfo. kz. 

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу өткізді. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммитіне арнайы қатысқаны және Астананың бастамалары мен басымдықтарын тұрақты түрде қолдап келе жатқаны үшін Эмомали Рахмонға ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездесу өткізіп, Қазақстан Президенті ШЫҰ саммитіне құрметті қонақ ретінде қатысқаны үшін Ильхам Әлиевке алғыс айтты.