Саясат

Лукашенко: Беларусьтегі оқиғалар Қазақстанға үлкен сабақ болуы керек

Лукашенко: Беларусьтегі оқиғалар Қазақстанға үлкен сабақ болуы керек

Александр Лукашенко Беларусьтегі оқиғалар посткеңестік елдер үшін маңызды сабақ болуы керегін және Қазақстан еш жағдайда "босаңсымауы" керегін айтты.

Лукашенко 13 қарашада Беларусь пен шетелдің саяси шолушыларына сұхбат берді. Сұхбат барысында ол әлемнің түрлі аймағындағы оқиғаларға тоқталған болатын.

Оның айтуынша, мысалы, АҚШ-тағы сайлауда бәрі үнемі президенттік сайлауға араласады.

Лукашенконың айтуынша, Беларусьте наразылық шарасын ұйымдастыруға еш себеп болмаған.

Еске салайық, 9 тамызда Беларусьте жаппай наразылық шарасы өткен болатын. Жергілікті халық президент сайлауының нәтижелеріне жаппай қарсы шыққан еді. Ресми мәліметтер бойынша қазіргі президент Александр Лукашенко 80,1 пайыз дауыс жинаған. Ал оппозиция сайлауда Лукашенко емес, Светлана Тихановская жеңгеніне сенімді. Соған байланысты Беларусь халқы қайта санауды талап етіп отыр.

  tengrinews.kz