Мәжілістен тағы бір депутат кетті
Мәжілістен тағы бір депутат кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс депутаты Асылбек Смағұловтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Жалпы отырыста депутаттар аталған ұсынысты қолдап, дауыс берді. Асылбек Смағұлов 2016 жылдың 24 наурызынан VI шақырылымдағы Мәжілістің депутаты болған еді. Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі болып қызмет етті. Айта кетейік, қыркүйек айынан бастап, әртүрлі қызметке ауысуларына байланысты бірнеше депутат кетіп үлгерді. Олардың қатарында Айзада Құрманова, Нұрлан Әбдіров және Нұрлан Дулатбеков бар. baq.kz