Мамин 2021 жылға тапсырма беріп тастады
Мамин 2021 жылға тапсырма беріп тастады
Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин 2021 жылы «қағаз» анықтамаларды толығымен жою керек деп айтты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындау және төлеуге қатысты процестерді толығымен цифрландыруды тапсырған. Оның айтуынша, жылдың соңына дейін әлеуметтік және еңбек саласында электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсеткіші 90 пайызға жеткізіледі.
Премьер-министр сервис пен кері байланыс деңгейін арттыру қажеттігін атап өтті.
baq.kz