Мемлекет басшысы зейнетақы жинағына қатысты заңға қол қойды

24

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинағын алу кезінде жеке табыс салығын төлеуді кейінге қалдыруға мүмкіндік беретін заңға қол қойды.

«Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодекске (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды», — делінген Ақорда таратқан ақпаратта.

Бұған дейін заң парламентте қабылданды.

Заңға сәйкес, 2021 жылдан бастап зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алатын азаматтарға 10% табыс салығын төлеу мерзімін кейінге қалдыру құқығы беріледі.

Заңға табыс салығын зейнетке шыққан соң 16 жыл ішінде бөліп төлеуге рұқсат беретін норма енгізілді.

2021 жылдан бастап зейнетақы жинағын баспана сатып алу, емделу, қаржы компанияларына басқаруға беру үшін пайдалануға болады. Ақша адамның жеке шотына аударылмайды және қолма-қол берілмейді.

egemen.kz