Мұғалімдер жалақысы көбейеді – Президент

0 60

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында білім саласы туралы сөз қозғап, мұғалімдер жалақысы 25 пайызға көбейетінін мәлімдеді.

«Білім саласындағы басты мәселенің бірі – ұстаздар жалақысының аздығы. Мен 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көтеру жөнінде шешім қабылдадым. Жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта береді. Бұл мақсатқа алдағы үш жылда қосымша 1,2 триллион теңге бөлінеді», деді Қ.Тоқаев.

Сондай-ақ қашықтан білім беру жүйесін жетілдіруді тапсырды.

«Қол жетімді әрі сапалы білім коронавирус індетінің салдарынан дүниежүзіндегі мектеп оқушылары мен студенттердің басым көпшілігі қашықтан оқуға көшті. Бұл жұмыстың тәсілі мен мазмұнын түбегейлі өзгертуде. Қашықтан оқыту ісін ұйымдастыруда Үкіметтің қателіктерін жақсы білеміз. Ашығын айтқанда, әлі күнге дейін нақты бір онлайн платформа жоқ. Мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар күндіз-түні уатсаптан бас көтермейтін болды. Толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар біріңғай онлайн беру платформасын шұғыл әзірлеу қажет. Дегенмен, сапалы білім алу үшін әдеттегідей сабаққа қатысып, мұғалімдермен және сыныптастармен араласуды орны бөлек. Сондықтан санитарлық талаптарды сақтай отырып, білім алудың қалыптасқан дәстүрлі тәсіліне әзірленген жөн. Бұл әсіресе, мектеп үшін маңызды. Күнделікті мәселелерді шешумен қатар балалардың бәріне бірдей мүмкіндік туғызу үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Балаларымыз қай жерде тұрса да, қандай тілде оқыса да, сапалы білім алу қажет», деді Президент.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.