Саясат

Назарбаевтың бұрынғы құдасы Асқар Ақаев экс-президент мәртебесін қайтарып беруді сұрады

2005 жылы Қырғызстанның Жогорку Кенеші Ақаевтың отставкасын қабылдаған еді

Асқар Ақаев экс-президент мәртебесін қалпына келтіргісі келетінін айтты, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz  

 Kaktus.media жазуынша,  Конституциялық заңнама, мемлекеттік құрылым, сот-құқықтық мәселелер және регламент жөніндегі парламенттік комитеттің төрағасы Шолпон Сұлтанбекова Асқар Ақаев экс-президент мәртебесін қайтарып беруді сұрағанын айтқан.

 Оның айтуынша, Ақаевтан хат бүгін, 5 қыркүйек күні таңертең келіп түскен.

Айта кетейік, Асқар Ақаев 2005 жылғы 24 наурыздағы "Қызғалдақ төңкерісі" нәтижесінде Қырғызстаннан кеткен еді.