Саясат

Негізгі дәрі-дәрмектер мен медицина бұйымдары Қазақстанда өндірілуі тиіс - Президент

Негізгі дәрі-дәрмектер мен медицина бұйымдары Қазақстанда өндірілуі тиіс - Президент

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысында айтты. "Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері шешілді. Бірақ отандық фармацевтика саласының аяғынан тік тұрғызу керек. Негізгі дәрі-дәрмектер мен медицина бұйымдары Қазақстанда өндірілуі тиіс. Бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Келесі жылдан бастап осы бағытта нақты нәтиже күтемін", - деді Президент. egemen.kz