«Nur Otan» партия активін өткізді
«Nur Otan» партия активін өткізді
«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балабек Нарбаев партия Тараз қалалық, аудандық филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарларымен Праймеризге дайындық жұмыстары бойынша партия активін өткізді. Партия аумақтық филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары праймеризге дайындық барысы және атқаратын нақты жұмыстарына, партияішілік сайлауда онлайн-форматта дауыс беру механизмін жүргізу, үгіт-насихат жұмыстары мен пікірсайыстарды өткізу бойынша жеке-жеке есеп беріп, кемшіліктері бойынша партия облыстық филиалының басшылығы тарапынан нақты тапсырмалар берілді. Партия аумақтық филиалдары тарапынан түскен түрлі сұрақтарға облыстық партия филиалы басшылығы нақты жауаптар берді. Еске сала кетсек, 17 тамыз күні праймеризге қатысушылардың "Праймериз ақпараттық жүйесінде" тіркелулері басталып, 28 тамыз күні аяқталады.