«Nur Otan» партиясы жастар кәсіпкерлігін қолдайды

0

Ел болашағы саналатын жастардың жағдайын жасау, оларды әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз ету «Nur Otan» партиясы үшін басты басымдықтың бірі болып қала береді.
Осы орайда «Nur Otan» партиясынан Жамбыл облыстық маслихаты депутаттығына кандидат Нұрлан Сейсенбаев Меркі ауданы, Ақтоған ауылдық округінің тұрғындармен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Кездесу барысында Н.Сейсенбаев партияның ықпалымен жергілікті жерде жастарды кәсіпкерлікке тарту және «Қарапайым заттар экномикасы» жобасын іске асыру жөнінде сөз сөйледі.
– Әлемдік пандемияның экономикаға әсері баршаға белгілі. Сондықтан мемлекеттік органдармен 2020 жылы дағдарысқа қарсы шаралар әзірледі. Тұрақтылықты сақтау үшін дағдарыс жағдайында шағын және орта бизнес субъектілеріне айтарлықтай қолдау көрсетілді. Соның ішінде «Қарапайым заттар экономикасы» шеңберінде 70,5 миллиард теңгеге 146 жоба қолдау тапты. Жастар – ел болашағы. Жаңа ұрпақ еліміздің стратегиялық бағытының қозғаушы күші болуы тиіс. Облыста жастар бастамаларын дамытудың 12 орталығы жұмыс істейді», — деді ол өз сөзінде.
Биыл Меркі ауданы Сұрат ауылдық округіндегі пилоттық жоба табысты іске асырылды. Енді мемлекеттен ақша күтпей, осы ауыл жастары әлеуметтік тұрмыс жағдайды көтеру мақсатында ауылдықтардың жерін айдап беріп, оған қажетті көшет, тұқымдарын алып беруге, үйіргесінен табыс табуға барлық азаматтарға, ауылдықтарға мүмкіндік тудыруды қолға алуда.
Бұдан кейін штаб мүшелері мен үміткерлер «Жақсылық» шаруа қожалығының төрағасы Асқар Алакөзовтың үйінде болып, келелі әңгіме құрды. Кездесуде болған ауыл тұрғыны, ауыл қариясы Серікбай Құралбай жеңілдетілген несие, қайтарымсыз грант, салықтан босату, жұмыссыздықпен күрес, жаңа ашылып отырған кәсіпорындар туралы кеңінен баяндады.

 

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық сайлау қорының қаражатынан төленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.