Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 2 көпсалалы медициналық орталық салынады

0 33

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысында айтты.

«Тағы бір мәселе — медициналық инфрақұрылымды дамыту. Жыл соңына дейін еліміздің аймақтарында 13 жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы салынады. Ал 2025 жылға қарай денсаулық сақтау саласына арналған 20 заманауи көпсалалалы нысан пайдалануға беріледі. Бұл осы мақсатқа орай 1,5 триллион теңгеге жуық инвестиция тартылады деген сөз. Елбасының бастамасымен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 2 көпсалалы медициналық орталық салынады. Бұл орталықтар еліміздің бетке ұстар мекемелеріне айналып, инновациялық өсімге және қолданбалы медицинаның дамуына тың серпін береді», — деді Президент.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.