Облыс басшысының халыққа есеп беру кездесуі өтеді

51

Құрметті жамбылдықтар!

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, 2021 жылы 19 ақпанда, сағат 11:00-де Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында (Төле би көшесі, 89) облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың халыққа есеп беру кездесуі өтеді.
Тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға, сондай-ақ бұқаралық іс-шараларды өткізуге салынған тыйымға байланысты залдағы орындар саны шектеулі болады.
Есептік кездесуге қатысуға ниетті барлық азаматтар үшін заманауи байланыс құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы онлайн форматта қатысуға мүмкіндіктер қарастырылады.
Сонымен қатар облыс тұрғындары өз сұрақтары мен ұсыныстарын келесі мекенжайларда арнайы орнатылған жәшіктерге қалдыра алады.

Азаматтардың ұсыныстары мен өтініштерін жинауға арналған жәшіктер орналасқан жерлердің тізімін мына сілтемемен өту арқылы біле аласыз.