Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев онлайн дауыс берді
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев онлайн дауыс берді
Бүгін праймериз қатысушыларына дауыс берудің үшінші күні. «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы №3 дауыс беру учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.
Жалпы, Жамбыл облысы бойынша праймеризде бақ сынауға 768 кандидат тіркелді. Кандидаттардың 269-ы әйелдер, 222-сі 35 жасқа дейінгі жастар, 28-і көп балалы анадар, 29-ы қандастар және 8-і мүмкіндігі шектеулі жандар. Үміткерлердің 111-і бастауыш партия ұйымдарынан ұсынылса, 657-і өзін-өзі ұсыну мүмкіндігін пайдаланған. Кандидаттардың қатысуымен 2736 шара өтті. 176 жария пікірсайыс ұйымдастырылды. Қазіргі таңда сайлау учаскелеріндегі жұмыс қыза түсуде. Бүгін сағат 10.00-дегі мәлімет бойынша 42469 сайлаушы онлайн дауыс береді деп күтілсе, оның 31855-і өз таңдауын жасап үлгерген. Ал, 4557 сайлаушы дәстүрлі дауыс беру әдісін таңдаған.