Партияішілік бәсекелестік баянды болашаққа бастайды

0 87

«Nur Otan» партиясы, партия ішілік іріктеу өткізудің ережелерін бекітіп, сайлауға түсетін кандидатты өз арасында тандау үшін ең тиімді әдісті қолданбақ. Ол-праймериз.
Көпшілігіміз куәміз, кейінгі кезде Елбасымыздың бастамасымен әр жаңа келген жылда қоғамды мықтап толғандырып отырған ең өткір мәселелердің біріне баса маңыз берілуі үрдіске айналды. Сол арқылы оны шешуге күллі жұртшылық жұмылдырылып, қыруар істер тындырылды. Ең бастысы, бір жылы басталған жақсы бастама екінші жылы да заңды жалғасып, өзара өзектестік туып жатыр.
Биылғы жылы да сол үрдістен айнымақшы емеспіз. Биылғы партиялық-праймериз жобасы соның дәлелі. Қазір праймериз қоғамда қызу талқыға түсіп жатыр. Рас, бұл праймериз еліміздегі барлық азаматтарға халық мүддесі үшін аянып қалмауға зор мүмкіндік беріп отыр. Мағанда еліміздің ертеңгі болашағын еске түсіру үшін бұл мүмкіндік туған жеріміздің жай-жапсарына жан-жақты көз салғызды. Сондықтан да бұл праймериз еліміздің дамуының бағыт-бағдарын терең пайымдап, бүгінгі күрделі дүниедегі өз орнымызды дөп басып, өз аяқ-жөнімізді әлі де болса, байыпты бағамдай білуімізге түрткі болады.
Қоғамда қызу жүріп жатқан додаға (праймеризге) айналамдағы азаматтармен ақылдаса келе менде бағымды сынайын деп бел шешіп отырмын. Бәлкім Алты Алашқа бір кәдем жарап қалар. Басты бағытым қоғамдағы жас ұрпақттың әлеуеттік жағдайы мен денсаулығы. Міне менің додаға түскен мақсатым осы бағдарда жаңа қырынан танытып, ел мен ұрпақ үшін табанды еңбек ету. Өйткені, саналы, салауатты ұрпақ елдің ертеңгі тірегі. Тіпті, Мәңгілік елдіктің бірден-бір кепілі-ұрпақтар сабақтастығы.
Мен үшін Қазақстандағы алғашқы ізашар праймериз осылай басталмақ.

Барлық праймеризге қатысушыларға сәттілік тілеймін.

Дархан Давренбеков,

«Үздіктер таңдауы» қоғамдық бірлестігінің жоба жетекшісі 

Leave A Reply

Your email address will not be published.