Президент экономиканың 7 бағытын атады

0 30

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан экономикалық бағыты 7 негізге сүйену қажетін айтты. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

«Экономика халықтың әл-ауқатын жақсартуға жұмыс істеуі тиіс. Ұлттық табыстың өсуінен әлеуметтік лифтіні тиімді қолданып, пайданы тең бөлуге қоғамдық ұсыныстың өсуі оң шешімін табуы тиіс. Сондықтан еліміздің жаңа экономикалық бағыты басты 7 принципке негізделуі тиіс», деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, игілік пен міндетті тең бөлу, жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлі, жаңа кәсіпкерлерге арналған нарықты қалыптастырып, әділ бәсекелестікке жағдай жасау – негізгі бағыттар қатарына кіреді.

Сондай-ақ өндірісті арттырып, күрделі әрі технологиялық экономикаға иек арту; адам капиталын дамытып, инвестиция мен білімнің жаға түрін қалыптастыру; экономиканы жасылдандырып, қоршаған ортаны қорғау; мемлекеттің негізделген шешімдер қабылдап, қоғам алдында сол үшін жауап беруін қамтамасыз ету – басымдықтар қатарына кіреді.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.