Президент өңірлік жүк авиахабтарын дамыту жөнінде кеңес өткізді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Мемлекет басшысы өңірлік жүк авиахабтарын дамыту жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Президент авиахабтарды дамыту көлік-тасымал саласындағы басым бағыттардың бірі саналатынына тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің географиялық артықшылықтарын тиімді пайдалану қажет екенін айтты.

Мемлекет басшысының пікірінше, негізгі әуежайларда толыққанды авиахаб қалыптастыру өте өзекті мәселе