Президент ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті
Президент ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Таалатбек Масадыков Қасым-Жомарт Тоқаевқа ҰҚШҰ Бас хатшысы лауазымындағы жоспарын таныстырды.
Кездесуде Ұйым қызметінің негізгі бағыттары бойынша, соның ішінде тұрақты жұмыс органдарының міндеттеріне қатысты көптеген мәселе талқыланды.
— Мемлекет басшысы Ұйымды одан әрі дамытуға арналған бірқатар ұсынысымен бөлісіп, Қазақстан тарапы ҰҚШҰ аясындағы ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін айтты, — делінген хабарламада.